Министрдің Үкімет отырысындағы баяндамасынан:
- кадрларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында «Мұғалім» кәсіби стандарты бекітілді.
- колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 554 білім беру бағдарламасын жаңартып, енгізуде.
- 6 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды.
Республикадағы қажеттілікті ескере отырып, педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс жыл сайын артып келеді. Биылдан бастап колледждерге педагогикалық мамандықтарды ашуға қойылатын біліктілік талаптары да күшейтілді.