Сыйымдылығы шағын үйлер құру ҚР Әлеуметтік кодексінде белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясындағы жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Ірі интернат үйлерінде қызмет көрсетуден шағын жинақты әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу көзделеді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жүзеге асырылады. Сыйымдылығы шағын үйлерді мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде тікелей ашу жоспарлануда.
Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатысуда: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары.
Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы сыйымдылығы шағын үй 2023 жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда ашылды. Осындай сыйымдылығы шағын үйлер осы жылғы 29 тамызда Көкшетау мен Шымкентте, 1 қыркүйекте Астанада, 10 қыркүйекте Түркістан облысында ашылды. Қараша айында Орал қаласында тағы бір «Ақ ниет» сыйымдылығы шағын үй ашылды. Сыйымдылығы шағын үйлер 130 орынға есептелген.