Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін Қайрат Боранбаев тұрғылықты жері бойынша өтейді.
Естеріңізге салайық, көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтеген.
Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданған.
Сонымен қатар Қайрат Боранбаев білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударды.