Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Қазақстан аумақтарын көгалдандыру қарқыны төмендігіне қатысты экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың атына депутаттық сауал жолдады.
«Осылайша, 409 миллион көшеттің кем дегенде 120 миллионы тамыр жая алмайды. Бұл бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау екені белгілі болып отыр. Бюджет шығынын азайту керек. Өсімдіктердің тіршілігіне бақылау және талдау жүргізілмейді, оларды бақылау, күту және суарудың заманауи жүйесі орнатылмаған. Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны үшін жауапкершілік қайда?»,- деді Бекенов.
Сонымен қатар сенатор ағаштарды кесу, қасақана от қою, өртеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз басып алу және пайдалану, үйлер мен басқа да құрылыстарды салу мәселелеріне алаңдаушылық білдірді.