Олардың барлығы «есірткі жасырғаны» үшін бас бостандығынан айырылған екен. ҚР ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған пенитенциарлық мекемелерде 5 қыз бар. Олардың біреуі ғана есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.