1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырған алаяқ Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- 21.09.2023, 09:33,
- 177
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: pixabay.com
Ол құрылыс компанияларына, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Turantimes.kz ведомствоға сілтеме жасай отырып.
Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.
Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
"Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.