«2023 жылғы 19 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады» делінген «Қазтелерадио» ұлттық операторы таратқан хабарламада.