«Біз әлемнің 36 еліне тарап кеттік. Мен ата-бабамның киелі жерлерінен өттім. Барша этникалық қазақтардың атынан өз миссиямды орындадым деп айтамын», - дейді саяхатшы.
Есбол Асқарұлы 1997 жылы Қытай дүниеге келген. Ес білгелі қазақ жеріне келуді армандаған жігіт бұл сапарына 4 жыл дайындалған. Қандас бауырымыздың айтуынша, жолда еш кедергіге тап болмаған. Тек күннің ыстығы мен кейбір жерде ұстамай қалған желі мәселесі болмаса, сапардың басым бөлігі жайлы өткенін айтты.
Есбол TikTok желісінде көптеген қаралым жинап, қандастардың елге келуге, қазақ елінің тарихын білуге құмары артып жатқанын да атап өтті.
Елорда тұрғындары Есболды аса құрметпен күтіп алып, шапан кигізді. 6 шілде күні мерекелік шара кезінде қандас бауырымызға ат мінгізу рәсімі өтетінін хабарлады.