RSS лента

«Ата жолы» картасы іске қосылуда

  • 19.04.2023, 18:59,
  • 630
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Елге келуші этникалық қазақтарға, қандастарға берілетін жаңа мүмкіндіктер туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 Оның айтуынша, жақында Парламентте Әлеуметтік кодекс талқыланды. Сол Кодекстің аясында қосымша заңдарға сәйкес Қазақстанда «Ата жолы» картасы берілетін болды. 

 

    «Ата жолы» картасы аясында шетелде тұратын этникалық қазақтар өз азаматтығын жоғалтпай, елінде азамат бола отырып, Қазақстанға келеді. Карта иегерлері 10 жылға тұрақты тұруға ықтиярхат арқылы елімізде тұрып, еңбек етіп, өзінің бизнесін дамытуға мүмкіндік алады. Бұл этникалық қазақтардың елге келуіне, туған елімен қарым-қатынасын жақсартуына мүмкіндік», – деді І. Испанов.

 

ЕО, Түркия, Жапония, Корея, Ұлыбритания, АҚШ шетелдік тәжірибелерін қарастыру негізінде түрлі бағытта осындай жеңілдіктер қаралғаны зерделенген. Болашақта шетелдегі қазақ азаматтары осы мүмкіндікті пайдаланып, елге келіп, бизнесін аша алады. Яғни, бұл үлкен бизнес кейстерінің иегерлеріне, мүмкіндіктері бар азаматтарға, білікті мамандарға елге келіп, қызмет атқаруы үшін қарастырылып отыр. Осы жерде жағдайын жасағаннан кейін әрі қарай олардың Қазақстан азаматы болу мүмкіндігі де қаралған.

 

Дегенмен, көші-қон саласының өкілі «Ата жолы» картасы бар азаматтар сайлауға, сайлануға құқығы жоқ екенін айтты. Өйткені, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің ондай құқықтары жоқ.

 

Комитет төрағасының міндетін атқарушы ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес қандастардың көшіп келу саясатын түбегейлі өзгерту мақсатында қолға алынған шараның нақты қалай іске асырылатынын айтып берді.

 

    «Шетелдегі азаматтар елге келу үшін Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі елшіліктері арқылы құжаттарын тапсырады. Бұл не үшін жасалуда? Біздің елге келетін қандастар, шетелдік азаматтар визалық елдерден және визасыз елдерден келеді. Ал елге келгеннен кейін құжаттарын тапсырғанда көптеген мәселелері туындайды, құжаттары дұрыс болмай қалады. Сондықтан осы мәселенің алдын алу үшін жасалады», – деді спикер.

 

Сондықтан қандастар шетелдегі елшілікке құжаттарын тапсырады. Ол құжаттар елшіліктен тікелей Көші-қон комитетіне және өздері таңдаған жердің жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі. Ол жерде қалай орналасады, қандай қызмет атқарады, отбасы, әлеуметтік жағдайы, бейімделуі, тұратын үйі – осы мәселелердің барлығының шешімін ЖАО-мен алдын ала келісіп алады. Содан кейін олар елге келіп сол күні қандас статусын алу мүмкіндігін пайдалана алады, деді І. Испанов. 

 

Қазіргі таңда пилоттық жобада Түрікменстан мемлекетінен 505 адам немесе 156 отбасы осындай тәсілмен құжаттарын тапсырған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости