Мұны жасырмаған Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев спорт залдарын да «Сергек» бейнебақылау жүйесіне қосу қажет деп санайды. Яғни, теологтардың түсінік жұмыстарымен ғана шектеліп қалуға болмайды. Ал, ата-анасы намаз оқуға мәжбүрлегендіктен үйінен қашып кеткен 14 жасар қыздың оқиғасы жұрттың жағасын ұстатты.
Осыған ұқсас оқиға ханафи мәзҺабын ұстанатын отбасында да орын алыпты. Бірақ, зерделене келе жасөспірімнің ұрлыққа бейім екені анықталған. Ол ақталу үшін өтірік айтқан болып шықты. Сондықтан желіде теріс ақпарат тарап кетпес үшін, алдымен істің басын ашып алған жөн-ақ. Мамандар осыны ескертіп отыр.
Ал, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова рейд кезінде ұжымдық намаз оқу жайттары тіркелмегенін айтады.
Осы орайда, атап өтер тағы бір мәселе – жасөспірімдермен жасалатын қылмыстың қарқын алуы. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың сөзінше, қылмыстың жасаруына тұрмыстық түйткілдер себеп. Өйткені, полиция есебінде тұрған балалардың дені жайсыз отбасылардан шыққаны белгілі болып отыр.