RSS лента

Денсаулық сақтау министрі шұғыл мәлімдеме жасады! (+видео)

  • 24.05.2023, 12:14,
  • 902
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғиният келтірген COVID-19 жұқтыру бойынша статистикаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Қазнетте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сұхбатынан үзінді тарады. Ол соңғы төрт айда елімізде тоғыз жарым адам COVID-19 жұқтырған деп мәлімдейді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, видео контекстен үзіп алынған. Бұл туралы stopfake.kz сайты жазды. Келтірілген статистикалық мәліметтер контексттен үзіп алынғандықтан, оның мағынасы толықтай өзгерген.

 

    “Әлеуметтік желілердегі видео Денсаулық сақтау министрі айтқан ақпараттың бастапқы мағынасын бұрмалау үшін қолданылуда. Сондықтан КВИ-мен сырқаттанушылық статистикасы келтірілген арандатушылық видеоны одан әрі таратпауларыңызды сұраймыз. Нақтырақ айтқанда, министр 9,5 мың адам туралы айтқан. 2023 жылдың басынан бастап Қазақстанда 9086 КВИ+ жағдайы және 435 коронавирустық пневмония жағдайы тіркелді, жиынтығында бұл 9,5 мың науқасты құрайды. Министр эпидемиологиялық мониторингке, сырқаттанушылық статистикасына және науқастарды емдеуге байланысты барлық мәселелерді тұрақты бақылауында ұстайды” деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


Айтпақшы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері адамзатқа COVID-тен де қауіпті жаңа пандемия қаупі бар екенін болжады. Zakon.kz жазғандай, 23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

 

«Ауру мен өлімнің жаңа ошақтарына әкелуі мүмкін [COVID] вирусының басқа да нұсқасы пайда болмасына кім кепіл. Сондай-ақ одан да өлім қаупі бар жаңа патогеннің пайда болу қаупі бар» деді ұйымның бас директоры.

 

Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды. Бұдан бұрын хабарланғандай, ДДҰ 5 мамырда 2020 жылдан бері күшіне енген жаһандық коронавирустық пандемия мәртебесін жою туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде пандемия 1150 күнге созылды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости