Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Заң жобасында сотталған әйелдерге, егер аналар босатылғанға дейін бір жылдан аз уақыт қалса, балаларды 4 жасқа дейін қалдыруға мүмкіндік беретін норма көзделеді», – деді.
Ол елімізде Алматы облысының Жауғашты кентінде осындай бір колония бар екенін, онда сотталған әйелдердің 3 жасқа толғанға дейін балаларымен бірге болуы көзделгенін атап өтті.
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Сенат екінші оқылымда қабылдады.