Лейбл жұлдыздың әндерінің барлық авторлық құқығы балаларына қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазады. Instagram-дағы жазбада альбомнан түскен авторлық құқық пен ақша оның балалары, ұлы Әди мен қызы Айданаға түсетіні жазылған.
"Darkhan Juzz-дың аяқталмаған альбомы бар. Біз оны міндетті түрде аяқтаймыз және шығарамыз. Оның әндерінің барлық құқықтарын ұлы Әди мен қызы Айдана мұраға алады. Әрбір стрим 100% отбасына түседі",- деді Õzen командасы.
Альбомның қай кезде қанша әнмен шығатыны әлі белгісіз. Алайда Дарханның артынан қалдырған өнерін сақтау үшін көп жұмыстар жүргізілетінін алға тартты.
“Оның музыкасы мәңгі ойналсын",- деді лейбл.