Мұндай жалған хабардың тарауына осы жылдың 8 наурызында болған феминистер шеруі мен ЛГБТ-ға қатысты Діни басқарманың ұстанымы мен Бас мүфтидің осы мәселеге орай жеке парақшасында жарияланған жазбасы түрткі болды.
– ҚМДБ Қазақ елін, барша мұсылман қауымын жалған хабарға сенбеуге, бүлікке (фитна) ермеуге шақырады. «Алла бүлік шығарушыларды сүймейді» («Мәида» сүресі, 64 аят).
Хәкім Абай: «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды» деп айтқандай, мәселенің байыбына бармастан байбалам салып, аттандап кетуден аулақ болайық. Тағы бір аятта Алла Тағала: «Уа, мүминдер, сендерге біреу хабар әкелсе, оны анықтап алыңдар, әйтпесе (істің анығын) білмей, бір елге залал жеткізіп, істегендеріңе (ертеңгі күні) өкініп қаласыңдар» («Хужурат» сүресі, 6-аят) деп ескерткенін естен шығармайық.
Алла Тағала бірлігімізді бекем, тірлігімізді берекелі еткей! Есігімізден енгелі тұрған мүбәрак Рамазан айы баршамызға құтты болсын! Оразаға деген ниеттеріңізді Жаббар иеміз қабыл етіп, күш-қуат берсін! Ауру-індеттен Алла сақтасын! – деді Бас мүфти.