«Шектеу Қазақстанда Наурыз мейрамын атап өтуге байланысты енгізіліп отыр. Бұл күндері адамдар, көліктер мен жүктер мемлекеттік шекарадан өткізілмейді» делінген хабарламада.
Министрлік тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді ойлағандардан шектеуді ескеріп өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Айта кетейік, Алматы облысында 2018 жылы қыркүйекте ашылған «Нұр жолы» өткізу бекеті Қытаймен шекарадан үлкен жүк және жеңіл автокөліктермен, жолаушылар автобустарымен өтуге арналған.