Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева айтып берді.
– Кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беру мәселесі ведомствоаралық комиссияның отырысында шешіледі. Бізде карантин талаптары кезең-кезеңмен жеңілдетіліп жатыр. Жеңілдетудің келесі кезеңі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Онда бұдан кейінгі жеңілдету мәселесі шешіледі. Бұл келесі аптада болатын шығар, бәлкім, – дейді ол.
Еске сала кетсек, еліміздегі кинотеатрлардың есігі жарты жылдан бері жабық тұр.