11 сәуірде American Corner & Maker Space (Алматы қ.) алаңында «Caravan of Knowledge» Корпоративтік қорының «Шеврон» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған Crazy STEAM Ideas ғылыми шарасы өтеді. Бұл шара ғылыми-фантастикалық жанрдағы жобалар байқауының қорытынды кезеңі болмақ.
Бүгінде STEAM-білім беру Қазақстанның тұрақты дамуы үшін маңызды бағыт болып табылады, ел ғылымы, технологиясы мен экономикасы саласындағы инновациялық серпілісті қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын даярлауға тікелей әсер етеді. STEAM-тәсілдерді енгізу оқушыларға тек техникалық білім алуға ғана емес, сонымен қатар сыни және креативті ойлауды, командалық жұмыс дағдыларын және күрделі мәселелерді шешу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Crazy STEAM Ideas іс-шарасы дәл осындай инновациялық оқыту тәсілдерін Қазақстан жастары арасында насихаттауға бағытталған. Шараның басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді қоғам мен қоршаған ортаның нақты мәселелерін шешетін жобалар құруға шабыттандыру, сондай-ақ еліміздің ең жарқын және талантты оқушыларына өздерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Crazy STEAM Ideas: Kasipter Alemi – балалардың қиялы шектелмеген инновациялық идеялар мен жобалар байқауы. Басты назар жобалардың өзіне, олардың бірегейлігіне, креативтілігіне және практикалық маңызына аударылады. Байқауға қатысушылар ғылыми фантастикадан шабыт алған жобаларды жасады, бірақ оларды жүзеге асыру үшін қандай мамандықтар мен мамандар қажет болатынын нақты түсінумен.
Жас өнертапқыштар ғылыми фантастикадан шабыт алған, бірақ нақты мамандықтар мен іске асыру үшін қажет дағдыларды айқын сипаттай отырып жасалған бірегей жобаларын ұсынады. Олардың қатарында – артық қоныстану мәселесін шешуге бағытталған орбиталық қалалардың инновациялық тұжырымдамалары, экологиялық тұрғыдан тұрақты «көшпелі үйлер» және адам қадамдарын әлдеқайда шапшаң ететін футуристік «антигравитациялық кроссовкалар» бар.
Қатысушылар сонымен қатар көмір өндіруді тиімді етуге арналған «шахтер-роботтар» жобасын және су үстінде орналасып, қалаларды экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы «лайнер-қала» тұжырымдамасын да таныстырады.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам оқушы өтінім берген, олардың арасынан 24 финалист іріктеліп алынды.
Caravan of Knowledge қорының жетекшісі Дарын Сайынов шараның маңыздылығын атап өтті:
«Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмуханова іс-шаралардың осындай форматының маңыздылығын атап өтті:
Бұл іс-шара тек балаларға ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне және болашаққа көз салып, қандай мамандықтар мен технологиялар жақын арада шындыққа айналатынын түсінгісі келетін барлық адамдарға қызықты болады.
Іс-шара 2025 жылдың 11 сәуірінде Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280 мекенжайында орналасқан Almaty Towers БО ғимаратындағы American Corner & Maker Space алаңында өтеді.
Барлық қалаушылар үшін кіру тегін, алдын ала тіркелу қажет: https://caravanofknowledge.com/crazyreg
Іс-шара сайтының сілтемесі: https://steamideas.kz/
Анонс үшін фото-референстер сілтемесі: https://clck.ru/3Kezoo
Анықтама үшін айта кетейік, «Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз.
«Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай және газ саласындағы бизнесімізді дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және әдеттегі бағыттарымызбен қатар жаңғырмалы отын, көміртекті ұстап қалу мен оффсетті пайдалану, сутек өндірісі, және бизнестің төмен көміртекті бағыттарын дамытудағы жаңа технологияларды дамыту. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры - Қазақстанда STEAM білімін танымал ететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларды оқытатын білім беру ұйымы.