RSS лента

Қызылқоғада су тасқынынан бір оқушы қайтыс болды (+фото)

  • 01.04.2024, 09:01,
  • 908
  • 0
  • Автор:
Автор фото: thumbs.dreamstime.com

Бұл оқиға осыдан 31 жыл бұрын орын алған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бүгінгідей су тасқыны бұл ауданда соңғы рет сонау 1993 жылы болған екен.


 


Сол кезде Ойыл өзені арнасынан тасып, Миялы ауылындағы барлық үйді су басқан еді.



Құтқарушыларды күткен тұрғындар үйдің шатырына шығып жан баққан деседі.



Барлығы 378 үй суға кетіп, оның 78-і қираған.



Қиындықпен бетпе-бет келген ауылға тек ел аймақтарынан ғана емес, тіпті, Швейцариядан да гуманитарлық көмек көрсетілген.



Өкінішке орай, сол су тасқынында Дулат Қуанышев деген оқушы көз жұмған. Қазір Миялы көшелерінің бірі соның атымен аталады. 



Айта кетейік, биыл да 31 наурыз күні ауданда төтенше жағдай жарияланып отыр. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости