RSS лента

«Boxy Wealth» қаржы пирамидасы: ұйымдастырушы қамауға алынды

  • 01.10.2025, 14:06,
  • 80
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

«Boxy Wealth» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

 

Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.

 

Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.

 

Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған.

 

Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған.

 

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

 

Тергеу жалғасуда.

 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости