RSS лента

«Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

  • 17.07.2025, 10:10,
  • 65
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Шымкент қаласында «Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

 

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40–60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.

 

Алайда, іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

 

Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 миллион теңгеден астам қаражат салынған.

 

Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп" ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.

 

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды.

 

Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.

 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости