Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы қаңтардан бастап цифрлық шешімдердің негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады. Енді кейбір қызметтер жеке және заңды тұлғалардың тарапынан қосымша өтініштердің қажеттілігінсіз автоматты түрде ұсынылатын болады. Жобаны іске асыру «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінің базасында өтеді. Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік және жеке ақпараттық жүйелерді қауіпсіз интеграциялау; дербес деректерді сенімді қорғау; азаматтар үшін ыңғайлы және артық қадамдарсыз проактивті форматта қызмет көрсету қарастырылған.
Бұдан басқа, келесі жылдан бастап бірқатар қызметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қағазсыз форматта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру; жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары, шикізаттың, өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларының нысандары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру; патогендік биологиялық агенттермен және оған өнімдермен жұмыс істеуге рұқсат беру.
Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі – 12 ай.
Цифрлық шешімдерді енгізу мемлекеттік қызметтерді алуды халық үшін тез, ыңғайлы және қолжетімді етеді.