RSS лента

Қазақстанда көлік саны 7 млн-ға жуықтады

  • 21.08.2025, 12:04,
  • 42
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Шілдеде 169,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылғы шілдеде 169,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 153,5 мың бірлік, жүк автомобильдері – 9,8 мың бірлік, автобустар – 1,6 мың бірлік және мототранспорт – 5 мың бірлік. ҰСБ-нан білгеніміздей, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 629 мың бірлікті құрады, оның ішінде 86,7% – жеңіл автомобильдер, 9,5% – жүк көліктері, 1,8% – автобустар мен мотокөліктер – 2%.

 

Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктердің 82,1%-ы бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 7,1%, дизель отынымен жүретін көліктердің үлесі – 7%, көліктердің жалпы санынан газ баллонды көліктердің үлесі 0,3% құрады, тағы 20 775 бірлік көлік электр қуатымен жүреді және жалпы автокөліктердің 0,3% құрайды.

 

Сонымен қатар, тіркелген көлік құралдарының жалпы санынан ең көп үлесті (37,5%) қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көліктер құрайды, қозғалтқышының көлемі 1500 текше см-ге дейінгілердің үлесі – 19,9%, қозғалтқышының көлемі 2000-ден 2500 текше см-ге дейін – 15,5%, қозғалтқышының көлемі 2500-ден 4000 текше см-ге дейінгі көлік үлесі – 13,7%, 4000 текше см-ден жоғарысы – 9,4%.

 

Қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көлік құралдарының ең көп саны Алматы облысында – 259,3 мың бірлік, Алматы - 248,9 мың бірлік және Астана қалаларында – 196,5 мың бірлік.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц