RSS лента

Қазақстанда көлік саны көбейген...

  • 16.07.2025, 11:03,
  • 25
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Биыл маусымда 159,2 мың бірлік автокөлік құралы тіркеліп отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылғы маусымда 159,2 мың бірлік автокөлік құралы, оның ішінде 143 мың жеңіл автомобиль, 9,8 мың – жүк көлігі, 1,3 мың – автобус, 5,1 мың – мототранспорт есепке қойылды.


2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 460,4 мың бірлікке жетті, оның ішінде 86,6% – жеңіл автомобильдер, 9,6% – жүк көліктері, 1,8% – автобустар мен мотокөліктер – 2%.


Автокөлік құралдарының шығарылған жылдары бойынша 3 жасқа дейінгі автомобильдер саны 453,1 мың бірлікті немесе жалпы саннан 7% құрайды, автопарктің тағы 25,8% (1,6 млн) 3 жылдан 10 жасқа дейінгі автомобильдер. Елдегі автокөліктердің 67% (4,3 млн-нан астам бірлік) шыққан жылы 10 жылдан асқан.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости