Ол теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым екенін атап өтті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы жазады. Тасымалдардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол құрылысын салу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 11 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі кезде 5 жоба бойынша жаңадан құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар – «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» «Бақты – Аягөз» учаскелері және «Алматы айналма теміржолы». Биыл мерзімінен бұрын екі ірі жоба аяқталмақ. Олар «Достық – Мойынты» учаскесі және «Алматы айналма теміржолы». Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржолдары іске қосылмақ. Сонымен бірге, биылдан бастап 3 мың шақырымдық теміржол учаскелерінде кең ауқымды жаңғыртулар басталды.