Көрсеткіштің ұлғаюы нысандар құрылысы мен жөндеу жұмыстарының (29,2%), сондай-ақ тұрғын үйлерді (15,8%) салу көлемінің өсуімен байланысты. Бұл туралы біз Ұлттық статистика бюросынан білдік.
2025 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлес тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 22%), автомобиль, темір жолдары мен метро (21,8%) және тұрғын үйлердің (14,2%) құрылысына тиесілі.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,7%, шетелдік ұйымдармен – 6,6%, мемлекеттік ұйымдармен 0,7% орындалды.
Өңірлік бөліністе Атыраудан басқа республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалған. Едәуір өсу Ақмола (54,9%), Қостанай (50,6%), Қызылорда (44,5%), Батыс Қазақстан (39,4%), Жетісу (37,1%), Алматы (30,6%), Маңғыстау (29,9%), Солтүстік Қазақстан (26,7%), Түркістан (25,1%), Қарағанды (22,5%), Ақтөбе облыстарында (21,8%) және Алматы (33,6%), Астана (33,6%) және Шымкент қалаларында (20,2%) байқалды.
Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 11 081,7 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданы 6,6% ұлғайып, 7 933,4 мың шаршы метрді құрады.
Білім беру және денсаулық сақтау саласында 122 929 оқушыға арналған жалпы білім беретін 111 мектеп, 2 839 орынға арналған мектепке дейінгі 17 ұйым, 381 орынға арналған 1 аурухана және бір ауысымда 1205 келіп-кетушіге арналған 30 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.