Атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, барлық жоба жүзеге асқанда, шамамен 1,3 миллион адам тұратын 468 елдімекенде ауыз су жағдайы жақсарады.
«Президенттің қазақстандықтарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба аяқталды. Жұмыстар еліміздің алты өңірінде жүргізілді. Олар: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартты», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.