RSS лента

Май экстракциялық зауыт іске қосылмақ

  • 22.11.2024, 14:41,
  • 77
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Зауыт өнімдеріне күнбағыс және зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылады.


Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркия өндіретін заманауи жабдықтар орнатылған.


Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау және қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандықтың құрылысы аяқталды.


Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың қараша айының соңында жоспарланып отыр. Жобаның құны-34 млрд теңге.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости