RSS лента

300 мыңнан астам адам газға қол жеткізе алады

  • 05.11.2024, 18:43,
  • 139
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі елді мекендерді газдандыру бойынша жұмысты жалғастыруда. 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуді және 1 700 км газ құбырларын жаңғыртуды жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жергілікті атқарушы органдарға «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 145 газбен жабдықтау жобасын іске асыруға 105 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.


2024 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейін 61,8% жеткізу жоспарлануда, бұл 369 мыңнан астам адамды немесе 140 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деңгей 60%-ға жетті немесе 20 млн адамның 12 млн адамы газбен жабдықтауға қол жеткізе алады).


2025 жылға газдандыру деңгейін 62,1% жеткізу жоспарланған, бұл 55 мыңнан астам адамды немесе 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости