Мысалы, олар азаматтың жарналарды төлемейтіндігі анықталғанан кейін оның шотының бұғатталатындығына сендіріп бағады. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін БЖЗҚ «жеке қызмет көрсетуге кезекті онлайн түрінде брондауды» ұсынады.
«Қоңырау шалу кезінде алаяқтар кезекке онлайн тапсырыс беруді ұсынады және 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына код жібергенін хабарлайды. Содан кейін олар брондау үрдісін аяқтау үшін осы кодты айтуды сұрайды. Жәбірленуші осы кодты айтқаннан кейін оның банктік шоттарындағы ақшасы жоғалып кетуі мүмкін! БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан бөгде адамдарға ешқандай кодты хабарламаңыз және бейтаныс сілтемелерге өтпей сақ болыңыз. Ешқашан кодтар мен құпия сөздерді айтпаңыз. Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз. Егер күдікті біреу БЖЗҚ атынан мазаласа, байланысты дереу үзіп, Қормен тікелей хабарласыңыз!» делінген хабарламада.