RSS лента

Тамақтың бағасы төмендей ме?

  • 27.08.2024, 12:39,
  • 423
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Тамыз айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа индексі 0,1%-ға төмендеп, жыл басындағы дефляция деңгейін сақтап қалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Азық-түлік бағасының жай-күйі мен алдағы күз-қыс маусымына дайындық барысы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен апта сайынғы жиында талқыланды.


«Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа индексі тұрақты, өсім 0%-ды құрады. Бұл ӘМАТ тізіміне кіретін 6 тауар түрінің арзандауына тікелей байланысты. Олар – пияз (-1,6%), картоп (-1,3%), рожки, күріш және жұмыртқа (по -0,2%), сиыр еті (-0,1%). Ал ұн, нан, қарақұмық жармасы, сары май мен қант бағасы өзгеріссіз, тұрақты», – деді Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

 

Өңірлерде ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталды. Мұндай жәрмеңкелерде өңірлер күзгі-көктемгі маусымаралық және қысқы мезгілде бағаны тұрақтандыру және базарларға арзан бағада жеткізу үшін тұрақтандыру қорларына жаңа өнім сатып ала алады. Мәселен, 17 тамызда Қызылордада өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары қызылордалық өнім өндірушілерімен мың тоннадан астам күріш пен тұз сатып алуға келісімшарттар жасасты. Осындай жәрмеңкелер жақын күндері Түркістан және Павлодар облыстарында өтеді.

 

Барлық дерлік өңір көкөніс өндірушілермен күзгі маусымаралық кезеңде өнім жеткізуге келісімшарт жасасты. Оның басым бөлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынынған көлемнен асып түсті. Нәтижесінде өңірлер 26,7 мың тонна пияз (187%), 25,3 мың тонна сәбіз (136%), 86,3 мың тонна картоп (111%), 21 мың тонна қырыққабат (109%) сатып алуға келісімшарттар жасасты.

 

«Жаңа егінді қыркүйек-қазан айларында аламыз. Бүгінгі таңда егістіктен 520,5 мың тонна картоп, 102,1 мың тонна сәбіз, 158 мың тонна пияз, 369,7 мың тонна қырыққабат жиналды. Жалпы, біз жоспарлап отырған терім көлемі ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

 

Вице-Премьер Серік Жұманғарин тұрақтандыру қорларын көкөніс өнімдерімен қамту үшін келісім шарт жасасу жұмыстарын толық аяқтамаған Шымкент қаласының, Қызылорда, Ұлытау, Маңғыстау және Алматы облыстарының әкімдіктеріне жұмысты жеделдетіп, қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости