RSS лента

Азық-түлік арзандағаны рас па?

  • 02.07.2024, 11:41,
  • 235
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдай қорытындыланып, күзгі және көктемгі тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Primeminister.kz мәлім еткендей, жарты жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты дефляциясы байқалады: маусымда орташа баға индексі 0,3%-ға төмендеді, ал жыл басынан бері жалпы 0,2%-ға төмендеді. Бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда.

 

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада бағалар орта есеппен тағы 0,1%-ға төмендеді, әсіресе, 9 тауар бойынша: сәбіз (1,5%), қарақұмық жармасы (0,8%), ұн (0,7%), сүт (0,5%), тауық еті (0,2%), күріш, сиыр еті, тұз және қант (0,1%). Бағаның төмендеуі 10 облыста байқалады. Айтарлықтай төмендеу Маңғыстау облысында (0,4%) және Павлодар облысында (0,3%) тіркелді.

 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі ерте пісетін өнімдерге келісімшарт жасау барысын баяндады. Қазіргі уақытта әкімдіктер маусым-шілде айларына ерте пісетін көкөністерге 37 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасасты. Вице-министр 1 тамызға дейін өңірлер күзгі өнімді форвардтық сатып алу аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру қажеттігін, фермерлердің жеңілдетілген қаражатты уақытылы алуын қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости