Жас түлектерге берілетін мұндай мүмкіндікті жеткізу үшін "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК АОФ өкілдері Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. Кездесуге әдеттегідей жоғары сынып оқушылары емес, 7 сынып оқушылары таңдалды. Себебі, мұнда кәсіптік бағыт-бағдар 7-сыныптан бастап беріледі екен. Филиалдың жоғары санатты инженері Жантас Шәріпов еліміздің жол саласында кәсіби мамандар тапшы екенін айтты. Министрлік мәліметінше, жол құрылысы бойынша қазіргі еңбек нарығында 2 мыңға жуық жолшы қажет екен.
"Президент Қ.Тоқаев білімге деген көзқарасты өзгертіп, енді техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін айтқан болатын. Қазір елімізде өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын өсіруге басымдық берілуде. Соның ішінде кәсіби жолшылардың қатарын көбейтуіміз қажет. Себебі, жолдың сапалы салынуына мамандардың кәсіби білікті болуы да маңызды" деді Ж.Шәріпов.
"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК талдауына сәйкес, еліміздегі тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларында қызметкерлердің 10%-ның ғана арнайы салалық білімі бар екен.