RSS лента

Тамақ пен мұнай өнімдері броньнан шығарылды

  • 17.04.2024, 09:08,
  • 115
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ТЖМ бұйрықтарына сәйкес Атырау облысында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілерді тамақпен, сондай-ақ тартылған инженерлік техниканың жанар-жағармай материалымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 81 тонна азық-түлік тауарлары және 158 тонна мұнай өнімдері броньнан шығарылды.

 

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында қосымша эвакуациялық пункттерді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен 10 мың адамға арналған төсек-орын жабдықтары қосымша броньнан шығарылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости