RSS лента

Құрылыс кодексі жаңартылмақ

Автор фото: ortcom.kz

Қазіргі таңда Парламентте қаралып жатқан Құрылыс кодексінің жобасына кейбір депутаттар тарапынан сын айтылғанымен, жобалаушылар бұл құжатты қолдайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олар жауапкершілік пен қоғамдық бақылауды күшейту және техникалық реттеу жүйесін регламенттеу баптары мен Кодекс атауына келісім беріп отыр. Бұл жайлы ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин ОКҚ алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша, жобалау ұйымдарының ұсыныстары құрылыс объектілерін салудың қолданыстағы механизміне қатысты негізі 3 бағытты қамтиды.

 

«Бірінші, қолданыстағы механизмді қайта қарап, жобаны кешенді іске асыру үшін, жоспарлаудан бастап пайдалануға бергенге дейін білікті бір мердігер ұйымға беру. Екінші, жобалау процесін оңтайландыру үшін техникалық-экономикалық негіздемеге жобалаудың екі кезеңді «жоба» процедурасын қосу. Үшінші, жобалау ұйымының басшылығымен техникалық және авторлық қадағалау қызметтерін біріктіру», – деді спикер.

 

Бұл ұсыныстарды уәкілетті орган қолдайды. Олар уақытылы және орынды көтеріліп отыр. Америкалық сарапшылардың пікірінше, ұсынылып отырған жобаны басқару механизмі жобаны іске асыруда өте тиімді және шығындарды 10-15%-ға азайтады. Әлемде жобалық менеджментті пайдалану тәжірибесі өте үлкен және барлық ірі компанияларда қолданылады.

 

«Жапонияда барлық құрылыс объектілері, жобаларды басқару технологиялары арқылы бағаланады және жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жобаларды басқару әдісі қызметтің барлық салаларында, соның ішінде дамыған елдерде мемлекеттік басқаруда кеңінен қолданылып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Соңғы жылдары АҚШ, Германия, Жапония, Франция және басқада елдердің үкіметтері өздерінің күнделікті қызметінде жобаларды басқару әдістері мен құралдарын көбірек қолдануда», – деді вице-министр.

 

Елімізде қазіргі жобаны басқару механизмі жұмыс істемейді. Іс жүзінде ол барлық жобалық шешім қабылданып, сараптама жүргізілген кезде ғана қолданылады. Сондықтан, 3 ұсыныстың алғашқы екеуін Құрылыс кодексіне дейін қабылдау жоспарланған. Тиісті жұмыстар басқа да заң жобалары аясында жүргізілуде.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Құрылыс комитеті инвесторларға қолайлы жағдай жасамақ. Ол үшін EПC келісім-шарттарына ұқсас «техникалық тапсырыс беруші» қызметін енгізу бойынша түзетулер әзірленді. Ол жобаны жоспарлаудан бастап, нысанды пайдалануға енгізуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. «Техникалық тапсырыс беруші» жобалаушы мен инженерлік персоналға, соның ішінде жоба менеджерінің жауапкершілігіне баса назар аударатын жобалау ұйымы болып табылады. Бұл тәсіл құрылыс процесін оңтайландырып, кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

«Жобалауды оңтайландыру үшін техникалық-экономикалық негіздемені екі кезеңді жобалаумен біріктіруді көздейтін түзетулер әзірленді. Нәтижесінде құрылыс жұмыстары басталғанға дейінгі уақыт шамамен бір жарым жылға қысқарып, ашық баға белгіленіп тартымды инвестициялық климат туады», – деді ведомство өкілі.

 

Бүгінде жобалау ұйымы басқаратын авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қайталанып отыр. Сондай-ақ қолданыстағы жүйе жауапкершілікті төмендетіп, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне әкеп соқтырады. Осы орайда сәулетшілер мен жобалаушылардың ұсыныстары бұл қызметтерді біріктіруге бағытталған.

 

«Жобалау ұйымының басқаруымен инженерлік қызметтерді біріктіру құрылыс сатысын сапалы жүргізіп, жобаны дұрыс түсіндірмеу жағдайларын жояды. Бұл ретте, техникалық қадағалаушыны таңдау бойынша конкурс қысқарады. Бұл қызмет Жоба авторының айрықша құқығы негізінде сатып алынады.Бұл ұсыныстардың өзектілігі құрылыс басында жобалау ұйымдары болуы керек екенін тағы да растайды», – деді вице-министр.

 

Тимур Қарағойшин ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықтың жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында тиісті нақты шаралар қабылдап жатқанын ерекше атап өтті.

 

Оставить комментарий
Последние новости