Депутаттың ақпараты бойынша, 2023 жылы бизнес субъектілеріне қатысты 14 мың заңсыз тыйым алынып тасталды, 500 млннан астам теңге болатын 4,5 мыңның үстінде айыппұл жойылды. Заң талаптарының бұзылғаны үшін мемлекеттік органдар тарапынан 680 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 121 адам әкімшілік жазаға тартылды. Сенатор кінәлі қызметкерлер көп жағдайда тәртіптік жазаға тартылу немесе жауапты болудан мүлдем жалтаратынын атап өтті.
«Бірінші кезекте, алшақтық ӘҚБтК-нің 173-бабы құрамы құрылымының әлсіздігіне байланысты болып отыр. Соңғы 6 жылда осы бап бойынша 63 құқық бұзушылық тіркелді. Осы құқық бұзушылықтың субъектілері тек қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар болып табылады, ал қалған мемлекеттік органдарды осы бап бойынша жазаға тартуға болмайды», - деді Лукин.
Сенатор айтқан алшақтықтың тағы бір себебі – ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес тәртіптік жазалануы тиіс әскери қызметшілерді, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту мүмкіндігінің болмауы.
«Баяндалғанның негізінде осы құқықтық олқылықты жою мақсатында ӘҚБтК-нің 173-бабының диспозициясын қайта қарау ұсынылады. Әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болатын құқық бұзушылықтар тізбесіне кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды енгізу бөлігіне түзетулер енгізілуі тиіс. ӘҚБтК-нің 173-бабы 2-бөлігімен толықтырылсын, егер оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіруге байланысты іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделсін», - деді сенатор.