RSS лента

Үкімет резервінен отандық аграрийлерден бидай сатып алу үшін қаражат бөлінді

  • 11.12.2023, 14:34,
  • 224
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Шаруаларды қолдау бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы қаулыға қол қойылды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Қаражат Азық-түлік корпорациясының қазақстандық аграрийлерден 350 000 тонна 4-ші, 5-класты және классыз бидайды тікелей сатып алуына бөлініп отыр.


Қаражат көлемі 31 млрд 375 млн теңгені құрайды.


Қазіргі уақытта өткен жылдан қалған көлем мен ішкі тұтынуды ескере отырып, жиналған өнім отандық нарықты қамтамасыз етуге және белгілі бір көлемде экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жөнелтуге жеткілікті.


Еске салайық, жалпы 2023 жылы Үкімет АӨК-ті субсидиялауға барлық көздерден 494 млрд теңге, оның ішінде Үкімет резервінен өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 60 млрд теңге бөлді.


Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бағытталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости