Құжатпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады, онда кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу бойынша жаңа функционал іске қосылғанынм әлім етті ведомствоның баспасөз қызметі. Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері бойынша біліктілік деңгейлерін бөлуді ескере отырып, Қызметтердің ұлттық жіктеуіші Тізілімді қалыптастыру үшін негіз болды. Тізілімге біліктілікті міндетті түрде жүзеге асырылатын 136 кәсіп және біліктілікті ерікті негізде тану үшін 360 кәсіп енгізілген.
Осылайша, енгізілген жүйе, біріншіден, өз құзыреттерін нақты бағалауға, екіншіден, формалды немесе балама білім арқылы алынған білімдерін, дағдыларын растауды құжаттауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, ерікті негізде кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асырғысы келетін ұйымдарға Career Enbek цифрлық платформасында аккредиттеуден өту мүмкіндігі қолжетімді болды.
«Кәсіптік біліктілік туралы» Заңда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сертификаттау орталығы болуды жоспарлап отырған ұйымдарды аккредиттеу тәртібі айқындалған.
Аккредиттеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:
– өтінімді қабылдау және қарау;
– ұсынылған құжаттардың сараптамасы;
– өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
– аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
– аккредиттеу аттестатын беру;
– аккредиттеуден кейінгі шарт жасасу.
Тану орталықтарын аккредиттеу теориялық және практикалық емтихандарды өткізу үшін тиісті материалдық базаның, қажетті құралдардың, жабдықталған кабинеттердің және т. б. болуымен аталған орталықтардың жұмысын бірыңғай әдіснамалық негізде қамтамасыз етуге бағытталған.
Тану орталықтарының жұмысын бастау мансаптық мүмкіндіктердің дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады, ал тану орталықтарын аккредиттеу жұмыс берушілер тарапынан сертификатталған қызметкерлерге деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану жұмыс іздеушілерге еңбек нарығындағы трендтерді ескере отырып, тез және сапалы жұмыс табуға, олардың кәсіби деңгейіне сәйкес келетін жалақы алуға, сондай-ақ үлкен сұранысқа ие болу үшін өз дағдыларының деңгейін үнемі арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіптер тізілімі және кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу тәртібі туралы толық ақпаратпен Career Enbek цифрлық платформасында танысуға болады.