RSS лента

Қазақстандықтардың төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелері 2 трлн теңгеден асты

  • 20.10.2023, 11:51,
  • 369
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/1820796

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Парламенттік тыңдауда халықтың шамадан тыс кредит алу мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Ресми мәліметтерге сәйкес 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 18 трлн теңге құрайтын кредиттік портфелінің тең жартысы тұтынушылық кепілсіз несиелерге тиесілі. Төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелердің жалпы көлемі 2 трлн теңгеге жеткен. Оның 63 пайызы тұтынушылық кепілсіз несие. 


Қаржылық тұрақтылық тұрғысынан қауіп алдында 1 млн 700 мың отандастарымыз тұр. Коллекторларға сатылған проблемалық қарыз алушыларды есепке алсақ олардың саны 2019 жылдан бастап 28 есеге өскен. 


Бүгінгі күні микроқаржы ұйымдардың саны көп болғандықтан бақыланбайды. Бұл реттеушінің кемшілігі. Портфельдегі проблемалық борыштардың үлесін азайтудың себебімен, реттеушінің талаптарын формальды түрде сақтау үшін, микроқаржы ұйымдары коллекторлық компанияларға проблемалық қарыждардың 48 пайызын сатып жіберген. Олар ағымдағы есепте көрсетілмеген. 


2022 жылдың тамызынан бастап проблемалық қарыздарды коллекторлық компанияларға жаппай сату есебінен микроқаржы ұйымдары іс жүзінде өз несие портфельдерін жасанды түрде 2 есеге жақсартып алған.  


Бүгінгі күні жылдық тиімді мөлшерлемені есептеу әдістемесін жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Мөлшерлеменің төмендеуі портфельдің сапасын жақсартуға мәжбүрлейді. 


Бұдан басқа, реттеуші тарапынан жоғары тәуекелдердің туындауын, сапасы нашар кредиттердің бақылаусыз берілуін, және борыш жүктемесі коэффициент бақылауын және қадағалау шараларын күшейту қажет. 



 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости