RSS лента

Жем-шөп астығы: тапшылық болмайды

  • 23.09.2023, 00:53,
  • 395
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрі жем-шөп астығының жетіспеушілігі болмайтынын малшы фермерлердің қаперіне салды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде толассыз жауған жауын-шашынға байланысты егін жинауда қиындықтар туындағанын жасырмады. Алайда, бүгін ОКҚ алаңында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша есеп берген аграрлық ведомствоның басшысы Айдарбек Сапаров фермерлерді асығыс және ойластырылмаған шешімдер қабылдаудан сақтандырды.

 

АШМ басшысы өз сөзін мал өсірумен айналысатын фермерлерге арнады.

 

«Биылғы жылы жем-шөп астығы мол болады, оның бағасы барабар деп болжап отырмыз, сондықтан дүрбелеңге бой алдырып, малдың бәрін союдың қажеті жоқ. Өңірлер жем-шөп дайындау жоспарын орындауда, жем-шөп жетіспейтін облыстар оларды басқа өңірлерден тасымалдау арқылы қамтамасыз етіледі», - деп сендірді А.Сапаров.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости