RSS лента

«Техникалық байқау» құжаты цифрлық форматқа ауыстырылмақ

  • 04.08.2023, 19:21,
  • 455
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Енді «Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады. Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.

 

Аталған жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлық нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режимде тексеруге болады.

 

Цифрлық құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, қоғамның сенімі артады.

 

Биыл көктемде VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Үкіметке цифрландыруды күшейтіп, бюрократиялық рәсімдерді барынша азайтуды тапсыраған болатын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости