ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуал бойынша кеңесте ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырма берді.
Жалпы ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.
Сонымен қатар кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.
Осыған байланысты:
- Өңірлік штабтарға ЖЖМ жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;
- Бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.