RSS лента

Жұртты шулатқан видеоға әкімдік түсінік берді (+видео)

Автор фото: скриншот

Әлеуметтік желілерде Риддер қаласында сұйытылған газдың бағасы литріне 120 теңгені құрайтыны туралы бейнеролик таратылуда. Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


– 2022 жылғы 14 қаңтарда Риддерде жанармай құю бекетінде автогаздың құны литріне 120 теңгені құрайтыны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Риддер қаласы Хлебный тұйық көшесі, 3 мекен жайы бойынша орналасқан АГҚС-да сұйытылған газ, 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша, литріне 60 теңгеден сатылуда, – деп хабарлады ведомстводан.

Бұл ақпаратты Риддер қаласы газ шаруашылығының директоры Александр Федоров та растады.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости