18 қаңтар күні «102» арнасына қала аумағындағы мекемелердің бірінде белгісіз тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерді анықтап, ұстаған. Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі азаматты күдікті ретінде ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, бұзақылық әрекеттерге барған.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, заңға сәйкес мұндай құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тергеу нәтижесіне қарай күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

