Оқиға 4 қаңтар күні шамамен сағат 12:00-де Щучинскіде тіркелді. Патрульдік полиция қызметкерлері Қотыркөл ауылына апаратын айналма жол аумағында қызмет атқарып жүрген кезде Chevrolet Cobalt автокөлігі тоқтаған. Көлік жүргізушісі жол жиегінде жалғыз келе жатқан кішкентай баланы байқап қалғанын хабарлаған.
Ол қызметті серіктесі – Асанали Алихановпен бірге атқарған. Бала қатты қорқып қалған. Полиция қызметкерлері оны тыныштандырып, әңгімеге тартқанымен, ол тек өз есімін айтып, анасының жұмыста, әкесінің ұйықтап жатқанын ғана жеткізе алған. Дереу қаладағы барлық полиция нарядтарына бағыттама берілді. Балаға қажетті күтім көрсетіліп, қызметкерлер оның туыстарын іздеу жұмыстарын жалғастырды. Шамамен екі сағаттан кейін баланың жақындары табылды. Кейінірек баланың ағасы келіп, әкесі жұмысқа кетер алдында баланы әпкесінің қарауына қалдырғанын түсіндірді. Алайда әпкесі ұйықтап қалып, бала өз бетімен киініп, үйден шығып кеткен. Полиция қызметкерлері азаматтық жауапкершілік танытып, бейжай қарамай, дер кезінде хабар берген Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісіне алғыс білдірді.
Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болу қажеттігін еске салады. Атап айтқанда, мүмкіндігінше балаларды байланыс құралдарымен қамтамасыз ету, киімдеріне байланыс деректері мен тұрғылықты мекенжайы жазылған жазба қалдыру, сондай-ақ бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау маңызды.

