RSS лента

Қарақшылардың видеосы желіні жарды

  • 11.04.2025, 12:19,
  • 56
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Павлодар облысында күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктелер ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Polisia.kz мәлім еткендей, Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады.


- Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденгені анықталды. Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, - деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости