24 наурыз күні сағат 19:00 шамасында Атырау-Индер тасжолының Жұлдыз мөлтекауданы тұсында маркасы "Лада Приора" және "Камаз" автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде, "Лада Приора" жүргізушісі жедел түрде облыстық ауруханаға түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиға бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталу үстінде.