RSS лента

Оралда ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркеген

  • 23.01.2025, 15:00,
  • 113
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды. Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Бұл туралы polisia.kz жазады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін. 

 

Келесі тармақтарға ерекше назар аудару керек: 

 

– Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 2-бөлігі).  

 

– Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 4-бөлігі).

 

Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

 

Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған.  Азаматтарды тіркеу саласындағы заңнаманы сақтау – бұл заңдылық мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды шарты.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц