Олар Мақат стансасымен өтетін жүк пойызынан алюминий құймаларын ұрлаған. Аталған жүк Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытынан Швейцарияға жеткізілуі керек болған. Алайда, Ақтаудағы портта 20 тонна жүктің жетіспейтіні анықталған. Сөйтіп, көп кешікпей Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Мақат ауданының төрт тұрғынын ұстаған.
"Тергеу реттілігі бойынша қылмыстық іс аудандық сотқа жолданды. Кінәлілер тиісті жазасын алды. Қазір көліктегі полиция қызметкерлерімен қылмыстың алдын алу, жолын кесу, болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда" дейді желілік полиция бөлімшесінің басшысы Құралбек Ералиев.