RSS лента

Пшөнді кім өлтірді?

  • 03.12.2024, 09:14,
  • 1 008
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылында Пшөн есімді ит көктемгі су тасқыны кезінде қапшық тасуға көмектесіп танымал болған еді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бүгін оның иесі Зәмзәгүл Жаңабаева итін жақын маңда жүрген ит аулау қызметкрелері атып тастағанын айтты.

 

"2024 жылғы 28 қарашада Махамбет аудандық ветеринариялық станцияның ветеринарына тұрғындардың бірі ауласында бөтен үш иттің қараусыз жүргендігін және үйіне кіре алмай тұрғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен мамандар иттерге ұйықтатын оқ (дротик) атқан. Екі ит ұйықтатылады, үшіншісі өзенге қарай қашып, белгісіз жағдайда қаза болады. Аудандық прокуратура мен полиция қызметкерлері ветеринариялық станция мамандарының әрекетінің заңдылығын тексеріп жатыр. Нәтижесі белгілі болған соң, тиісті шаралар қабылданады. Айта кету керек, үй жануарларын ұстау және серуендету ережесіне сәйкес, ит иесі үй жануарын қоғамдық орында ұзындығы екі метрден аспайтын қарғыбауда (поводок) серуендетуі қажет. Иттерді еркін серуендету арнайы серуен орындарында немесе жаттығу алаңдарында ғана рұқсат етіледі" делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің хабарламасында.

 

Айта кетейік, елгезек жануар жөнінде біз бұған дейін де жазған болатынбыз.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости