«Науқас өз бетімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қолдарында жаралар бар екені анықталды. Қазір аурудың терілік түрін жұқтырған екі науқас та ауруханада стационарлық ем алуда. Жалпы, базарда жұмыс жасаған қызметкерлер 14 күн медициналық бақылауға алынған» дейді облыстық санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.
Айта кетейік, ет дүкендерінде бағаның едәуір төмендегені байқалады. Тұрғындар ет алуға сақтықпен қарап жатқандарын айтады.